Жаңалықтар

Қостанайдағы тоқ соққан қызды емдеуге елордадан дәрігерлер барады

Қостанайдағы тоқ соққан қызды емдеуге елордадан дәрігерлер барады
Фото: © El.kz 29.08.2023 22:53 896

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері «көбік кешінде» тоқ соққан Ұзынкөл ауданы тұрғынының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызды емдеуге Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандарын тарту жөнінде шешім қабылданды.

Мекеме жетекшісі Данияр Жандаевтың айтуынша, кішкентай қыз Ұзынкөл аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен. Болған оқиға туралы аудандық аурухана өкілдері облыстық балалар ауруханасына хабарлаған.

Санитарлық авиациямен реаниматологтар келу керек деген шешім қабылданды. Қыз мұқият тексеруден өткізілген соң облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ол қазір де сонда ем алып жатыр,-деді Жандаев.

Ол мамандар Қостанай облысының балалар ауруханасына ертең келеді.

Біздің дәрігерлер қыздың денсаулығын нығайтуға бар күш-жігерін салып жатыр, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды тоқ соққан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға