Қостанай облысында күн райының бұзылуына байланысты бірқатар тасжол учаскелері жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына орай «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай»; «Қостанай-Әулиекөл-Сурған»; «Екатеринбург-Алматы» және «Қостанай-Мамлютка» тасжолдарының учаскелері жабылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төмендегі бағыт бойынша тасжолдар жабық тұр:
«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 444-503 шақырым, Рудный қ.- Лисаковск кенті аралығындағы учаске
«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» 7-108 шақырым, Тобыл қ. – Әулиекөл кенті арасындағы учаске.
«Екатеринбург-Алматы» 468-539 шақырым, Қостанай қ.-Федоровка кенті арасындағы учаске.
«Қостанай-Мамлютка» 333-406 шақырым, Боровское к.-Тобыл қаласы арасындағы учаске.