Қостанайда жоғалған 4 жасар қыз табылды
Лисаковта полиция қызметкері жоғалған 4 жасар қызды іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18 тамыз күні анасы мен әжесі интернет үшін ақы төлеп жатқанда, бүлдіршін дүкеннен сыртқа шығып кеткен. Бір минут назарлары басқа жаққа ауғанда, қызын таппай қалған. Анасы дереу полцияға қоңырау шалған.
Қызды іздеумен учаскелік полицей Ербол Сейтмағамбетов айналысқан. Ол жоғалған жерден 1,5 км қашықтықта баланы тауып, қызды анасына қайтарған.
Өтінім шамамен 17:45-те келіп түсті. Қыздың анасы Наталья Гусева қызымен бірге Ресейден әжесіне қонаққа келгенін айтты. Телефонның бірлігін толтыру қажет болып, олар дүкенге барған. Сол жерде баланың жоқ екенін байқаған, – деп атап өтті Ербол Сейтмағамбетов.
Полиция қызметкерлеріне дереу патрульдеу ұйымдастырылып, 4 жасар қыздың қайда кеткенін көрсететін куәгерлерден сауалнама жүргізілген. Бір сағаттан аз уақыт өткен соң, ол жоғалған жерден шамамен 1,5 км қашықтықта Лисаков қаласының бір көшесінен табылған.
Қыздың анасы мен оның әжесі – Вера Клименко полицейлердің, әсіресе Ербол Сейтмағамбетовтің әрекеттерін атап өтіп, бейне үндеу қалдырған.
Менің қызымды іздеп,тауып берген учаскелік инспектор Ерболға зор алғысымды білдіремін, – делінген бейне хабарламада.
Полиция ата-аналарға әсіресе қоғамдық орындарда балаларына ие болуларын сұрайды.