Қостанайда үй алдындағы гаражда өрт шықты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
22.09.2024 05:20
672
Қостанай қаласындағы Левобережная көшесі бойында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағындағы гараж өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт аумағы - 10 шаршы метр. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға одан әрі таралуына жол бермеді. Қызыл жалын дер кезінде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа қабылдап жатыр
Келесі жаңалық
Павлодарлық әнші Қытайдың опера сахнасын бағындырмақ