Қостанайда үш жасар қыз терезеден құлап кетті
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
24.08.2023 17:02
898
2019 жылы туған қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға баланың ересектердің қарауынсыз жалғыз қалғандықтан болған.
Зардап шегуші қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған бас миының шайқалғаны, қабақтың ашық жарақаты, құрсақ қуысының доғал жарақаты деген диагноз қойды, жағдайы қанағаттанарлық, - деп хабарлады Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда мұндай оқиға жетінші рет қайталанып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға