Қостанайда ТЖМ құтқарушылары 2 баланы қар құрсауынан шығарды
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
03.02.2025 00:35
119
Қостанай облысы Қарасу ауданындағы аттас ауылдан 12 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған көлікті шығару бойынша сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әке екі баласын балық аулауға үйрету үшін жолға шығып, қайтарда қар құрсауында қалып, өздігінен қауіпсіз жерге шыға алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел келіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Өз кезегінде жүргізуші дер кезінде көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыстарын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да жол апатынан төрт адам бақилық болды