Жаңалықтар

Қостанайда тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды

Қостанайда тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды
Фото: © Polisia.kz 06.06.2023 14:03 1069

Қостанай полицейлері тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам полицияға жүгініп, алты ай ішінде одан тұрақты негізде ақша бопсаланғаны жайлы хабарлады. Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны анықтады. Ол бұрын істі болған 29 жастағы азамат болып шықты.

Тергеу барысында оның 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында күш қолданып, қорқытып жәбірленушіге тиесілі 17 млн теңгесін иемденгені анықталды, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында күдікті анықталып ұсталды. Одан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға