Жаңалықтар

Қостанайда төтеншеліктер Қырғызстан азаматына көмекке келді

Қостанайда төтеншеліктер Қырғызстан азаматына көмекке келді
Фото: Видеодан кадр 27.04.2025 17:16 223

Қостанай облысында жүк көлігін тізгіндеген қырғызстандық жүргізуші балшық массасына кептеліп қалды. Оқиға  Федоров ауданы Лесное ауылы маңында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сазға батқан шетел азаматы учаскеден өздігінен шыға алмай, 112 желісіне хабарласып көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылардың кезекші ауысымы жүк көлігін шынжыр табанды тасымалдаушымен сүйреп шықты. 

Қырғызстан азаматына медииналық көмек қажет болмаған. Ол өз кезегінде  Қазақстан құтқарушыларына қиын жағдайда жедел көмек көрсеткендері үшін алғыс білдірді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға