Қостанайда су тасқынынан кейін ауылдарлы электр энергиясымен қамту жұмыстары жүргізілуде
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру облыстық жедел штабтың тұрақты бақылауына алынған.
Қазір 29 елді мекенде электр жарығы қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарғы 160-қа жуық адам мен 52 техника жұмылдырылды. Су тасқыны кезінде Амангелді, Жангелді, Алтынсарин, Қостанай, Қарасу, Б.Майлина, Денисов, Қарабалық, Федоров, Меңдіқара, Сарыкөл аудандары мен Арқалық, Қостанай, Тобыл қалаларында ішінара электр жарығы өшірілді. Облыс бойынша су тасқыны кезінде 1414 электр желісі бағандары зақымданды, оның 52-і - жоғары вольтты. Облыстағы 54 елді мекенде электр жарығы мүлде болған жоқ. Барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, 25 шағын ауыл электр қуатын шектеуде, оның 15-і әзірге электр қуатынсыз қалды, - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бүгінде 10 елді мекенде халықтың электр қуаты бар. Бірқатар заңды тұлғалар электр қуатынан ажырап қалған. Қазіргі уақытта смета әзірленді, қажетті материал, тіректер және т. б. дайындалып жатыр.
Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары, өкінішке орай, баяу жүргізіліп жатыр. Себебі су топыраққа тез сіңбей, салдарынан батпақта техника қозғалысы шектеліп тұр.