Жаңалықтар

Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер ауруханада көз жұмды

Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер ауруханада көз жұмды
Фото: © Pixabay.com 04.12.2023 11:20 1579

Он күн бұрын үйіне келген әйелден таяқ жеген Әсия Құтварова ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

23 қарашада екі әйел зейнеткердің пәтеріне келіп, олардың бірі Әсия Құтварованы пәтерден сүйреп шығарып, ұрып-соққан. Зардап шегуші қарт әйел Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіліп, полицияға арыз жазған.

Полицейлер Әсия Кәрімқызын соққыға жыққан әйелді ұстады. Белгілі болғандай, зейнеткердің бірнеше қабырғасы сынған.

1 желтоқсанда 85 жастағы зейнеткер қайтыс болды. Өлімнің себебі кардиомиопатия екені анықталды. Яғни, алған жарақаты оның өліміне қатысы жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға