Қостанайда серуендеуге шыққан зейнеткер орманда адасып қалған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
25.02.2025 22:00
124
Қостанайда шипажайда демалып жатқан әжей адасып қалды. 1953 жылы дүниеге келген зейнеткер серуендеуге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Алтынсарин ауданында болған. 72 жастағы тұрғын орман алқабында жүріп, кері қайтуға жолды таба алмаған. Өзінің адасып қалған түсінген ол "112" қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған.
Шақырту бойынша дереу іздестіру жұмыстарына шыққан құтқарушылар зейнеткерді демалыс базасынан алыс емес жердегі орман алқабынан тауып, оны шипажайға аман-есен жеткізді.
Төтеншеліктердің айтуынша, зейнеткерге медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Велотректен Азия чемпионатының 5-ші жарыс күні өтті
Келесі жаңалық
Жетісуда екі жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті