Жаңалықтар

Қостанайда қолайсыз ауа райынан адасып қалған 3 адам құтқарылды

Қостанайда қолайсыз ауа райынан адасып қалған 3 адам құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 13.10.2024 19:04 119

Қостанайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күнде адасып қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бірінші оқиға Жангелдин ауданы Торғай ауылында болған. Мал іздеуге шыққан қойшы бағытынан адасып, 112 қызметіне хабарласып көмек сұраған. Жедел ұйымдастырылған іздеу жұмыстарының нәтижесінде көп ұзамай құтқарушылар ауылдан 10 шақырым жерден 1989 жылы туған ер адамды тапты. Ал екінші жағдай Амангелді ауданындағы Амангелді ауылынан 10 шақырым жерде болған. Онда жеңіл автокөлік ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдан тайып, қарда тұрып қалған. Көлік ішінде 1958 жылы туған ер адам мен 1961 жылғы әйел болған.

Құтқарушылардың жылдам реакциясының арқасында жеңіл көлік қар үйіндісінен шығарылып, жолдың қауіпсіз бөлігіне жеткізілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға