Қостанайда Qnet-тен зардап шеккендерге 36,5 миллион теңге қайтарылды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.06.2023 14:19
697
Қостанайда Qnet LTD қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Qnet LTD» құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
Күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалап келген.
30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды.
Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Н’Голо Канте Карим Бенземаның әріптесі атануы мүмкін
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды