Қостанайда психотроптық таблеткалар сатқан 21 жастағы жігіт ұсталды
![Қостанайда психотроптық таблеткалар сатқан 21 жастағы жігіт ұсталды Қостанайда психотроптық таблеткалар сатқан 21 жастағы жігіт ұсталды](/storage/storage/element/2023/06/07/mainphoto/53657/1200xauto_ko0So5BxQTw80LbvwVI5S2fyjagoFRbDpSkzYBFs.jpg)
Қостанайлық полицейлер психотроптық таблеткалардың үлкен партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы Қостанай тұрғыны ұсталған, оның үйінен айрықша заттар салынған бес шыны құты және екі полимерлі Zip-пакет табылды.
Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адамның құтыларда кептірілген марихуана сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар «Ксанакс» дәрілік препараты мен таблеткалар бар, - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Амир Нигматзанов.
Полиция 1 келіге жуық марихуана, 65 гр кептірілген саңырауқұлақтар, сондай-ақ 312 дана психотроптық таблетка тәркіледі.
ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)