Қостанайда өрт кезінде 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
16.02.2025 05:31
742
Қостанайда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанды. Жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м.. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - деп жазылған министрлік мәліметінде.
ТЖМ тарапы өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Таразда жастар арасында Қазақстан біріншілігі аяқталды
Келесі жаңалық
ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі