Қостанайда мал бағуға шыққан бала жоғалып кеткен

2 қараша күні таңертең Әулиекөл ауданының Первомайское ауылында 15 жастағы жасөспірім атқа мініп мал бағуға шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 16:00 шамасында ол ата-анасымен байланысқа шығып, телефондағы зарядтың таусылатынын хабарлады. Содан кейін онымен байланыс үзілді.
️Баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәтте, іздестіруге ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, ЖАО өкілдері, сондай-ақ туысқандары жұмылдырылды. Іздестіру тобының үйлесімді жұмысының арқасында бүгін таңертең Шолақтерек қыстағынан жасөспірім табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
ТЖМ туған-туыстарына қайту бағыты мен уақыты туралы алдын ала хабарлап, өздерімен толық зарядталған мобильді құрылғылар мен қосалқы байланыс құралдарын алып кетуді ұсынады.
