Қостанайда күйеуінің мәйітін төрт ай жасырған әйел ұсталды
Фото: vsluh.ru
Фото: vsluh.ru
28.02.2023 15:35
837
Қостанай облысында төрт ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінен табылды. Оны өлтірді деген күдікпен әйелі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 ақпанда Лисаков қаласының тұрғыны полиция бөліміне барып, ағасын төрт ай бойы көрмегенін айтқан. Телефонын көтермейді, қайда жүргені белгісіз.
"Жедел тергеу тобы жоғалған адамның тұрғылықты жеріне барып, зорлық белгілері бар 50 жасар ер адамның мәйітін тапты. Марқұмның денесі төрт ай бойы үйде жатқан. Қазіргі кезде қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің 51 жастағы әйелі ұсталды. Оны психиатриялық ауруханаға жатқызды", - дейді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстаннан көмір шығаруға тыйым салынуы мүмкін
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды