Жаңалықтар

Қостанайда көпқабатты үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Қостанайда көпқабатты үйде өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 03.10.2024 20:29 90

Қостанайда «Юбилейный» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төртінші қабаттағы пәтерде жиһаз жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді. Құтқарушылар баспалдақ маршы арқылы 25 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.

Өрт 15 шаршы метр алаңды шарпыған. Қызыл жалын сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға