Жаңалықтар

Қостанайда есірткі таратқан екі колледж студенті 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанайда есірткі таратқан екі колледж студенті 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: видеодан алынған кадр 02.10.2023 13:48 2331

Жергілікті колледждің 19 жастағы студенттері есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 

Облыс прокуратурасының өтініші бойынша сот қарауы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 300 студенттің қатысуымен өтті.

Қостанай қаласындағы колледждердің бірінің студенттері есірткіні үйлердің кіреберістерінде, соның ішінде пошта жәшіктерінде жасырған. Тінту кезінде студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар 50 байлам тәркіленді. Кейіннен жалдамалы пәтерді тінту кезінде аса ірі мөлшерде, 192 грамм синтетикалық есірткі — мефедрон табылды және тәркіленді.

Осы фактілер бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) (аса ірі мөлшерде) сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Сот шешімімен сотталушылар 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға