Жаңалықтар

Қостанайда есірткі қойып кетуші ірі көлемдегі партиямен ұсталды

Қостанайда есірткі қойып кетуші ірі көлемдегі  партиямен ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.07.2023 20:10 928

Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

"Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.

Күдіктіден "PvP" есірткісінің 96 байламы тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға