Жаңалықтар

Қостанайда екі күн бұрын жоғалған балықшы табылды

Қостанайда екі күн бұрын жоғалған балықшы табылды
Фото: Видеодан кадр 17.02.2025 19:00 384

Қостанай облысында жоғалған балықшы аман-есен табылды. 67 жастағы зейнеткерге медициналық көмек қажет болмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ер адам 15 ақпанда жеке автокөлігімен балық аулау үшін көлге шығып, байланысқа шықпаған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардан көмек сұраған.

Бүгін Қарасу ауданында Қойбағар көлінде іздестіру жұмыстары кезінде балық аулауға шыққаннан кейін жоғалған ер адам  табылды. Құтқарылған тұрғынға медициналық көмекке мұқтаж болмады,-деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігінен.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға