Қостанайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
![Қостанайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды Қостанайда біраз уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды](/storage/storage/element/2025/01/12/mainphoto/137529/1200xauto_sVfTEUOD0bw0SWriBB5E6TWQQeJM0dkwVDVt3nuF.png)
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
12.01.2025 10:15
486
Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тобыл ауылының тұрғыны Еркен Өлмісеков желтоқсанның 23-і күні жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоилиновка ауылында орналасқан темір-бетон зауытының аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ ер адамның денесі табылды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)