Қостанайда автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр

Қостанай облысында Қазақстандағы алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын төрт ірі машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді. Төртінші зауыт 2024 жылдың күзіне қарай іске қосылды. Өңірдің өнеркәсіптік дамуы аясында 2025 жылдың соңына дейін тағы екі жаңа зауытты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың бірі – жылына 70 000 автомобиль өндіретін KIA автозауыты, ол 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Екіншісі – жүк көліктеріне арналған басты беріліс қораптарын шығаратын зауыт, мұнда 550 жаңа жұмыс орны құрылады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың басында автокомпоненттер зауытының іске қосылуы жоспарланған. Бұл кәсіпорын өңірдегі автокөлік өнеркәсіптік кешеніндегі жетінші зауыт болып, отандық автомобиль зауыттарын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.
Автокомпоненттерді жергіліктендіру орталығының құрылысы импортқа тәуелділікті төмендетуге және өңірдегі машина жасау кластерін нығайтуға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы автомобиль зауыттарын отандық бөлшектермен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
