Қостанайда ауруханада жатқысы келмеген әйел далада үсіп өлді
Қостанайда ауруханаға жатудан бас тартқан 68 жастағы зейнеткердің мәйіті көшеден табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
29 ақпан күні әйел жедел жәрдеммен қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде болған. Емдеу кезінде ол жедел жәрдем дәрігеріне қаралып, талдаулар алынып, стационарлық емдеуге жатқызу ұсынылдғанмен, науқас ауруханаға жатудан жазбаша түрде бас тартқан.
Осыдан кейін, жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерге ауруханадан үйіне дейін такси шақырып берген. Бірақ, ол үйіне бармаған.
Оны іздеу жұмыстарына 50-ден астам полиция қызметкері, 150-ге жуық ерікті және қала тұрғындары жұмылдырылды. Қостанай облысының полиция департаменті Станционная көшесінің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ зейнеткердің мәйіті табылғанын мәлімдеді. Өлімнің алдын ала себебі - гипотермия.