Қостанайда «Адам саудасын бірге тоқтатамыз» акциясы өтті

Қостанай облысында Адам саудасына қарсы күрес күніне арналған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Іс-шараға Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Қостанай қаласы ПБ және Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сауда ойын-сауық орталықтарында, теміржол вокзалында және Қостанай қаласының орталық алаңында қала тұрғындарына адам саудасының құрбаны болмау үшін не істеу керектігі және қайда жүгіну керектігі айтылды.
Адам саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзу және халықаралық заңнамада қауіпті қылмыс болып есептеледі. 2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін белгіледі, оны БҰҰ-ның халықаралық күндерінің жүйесінде 30 шілдеде атап өтеді. Биылғы жылы БҰҰ «Адам саудасына қарсы күресте көмекке мұқтаж бірде-бір бала туралы ұмытпау» тақырыбын анықтады. Халықаралық бастаманы қолдау және ҚР ІІМ тапсырмасын орындау мақсатында Қостанай облысының полицейлері «Адам саудасына қарсы күресте біртұтас!» атты іс-шара өткізді,- деп атап өтті Қостанай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Мұрат Ғалиханов.
Сонымен қатар акция барысында полицейлер «Алтынгүл» балалар сауықтыру лагерінде салтанатты іс-шара өткізді.
