Қостанайда 16 жастағы қыздың өліміне қатысты тың дерек айтылды
Фото: instagram/poisk_region_10
Фото: instagram/poisk_region_10
10.07.2024 15:17
1087
Қостанай облысының полицейлері жоғалып кетіп, өлі табылған қызға қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 жастағы Дарья Тайронина 26 маусымда Әулиекөл ауылындағы үйінен шығып, жоғалып кеткен. Екі күннен соң қыздың денесі Әулиекөл маңындағы ағаш егілген аумақтан табылды.
Қостанай облысының Полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауға алынды. Оқиғаға қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға