Қостанайда 13 адам қар құрсауында қалып қойды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
05.02.2025 23:10
141
Қостанай облысы Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойған. Төтеншеліктер жергілікті маңызы бар автожолда құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне ішінде 13 адам болған 6 жеңіл автокөлік сүйретілді. Төрт жолаушысы бар автокөліктің бірі Қарасу ауылына жеткізілді. Осылайша құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында барлық азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азиада ойындары: 5 ақпандағы жарыс нәтижесі белгілі болды