Қостанай полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты
Сараптама нәтижелері бойынша әйел көлікті мас күйінд басқарған![Қостанай полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты Қостанай полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты](/storage/storage/element/2022/11/03/mainphoto/25996/1200xauto_LwWGSfEyDYrGyHovExQdQNf1AODpkKmj79j6lhBc.jpg)
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
03.11.2022 21:00
1020
Қостанай полицейлері патрульдеу кезінде хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 қарашада Сұлтан Нұрғалиев пен Сұлтан Мнайдаров құрамындағы автопатруль “Қостанай-Мамлютка” А-21 тас жолында кезекшілік етті. 21 шақырым жерде патрульшілер Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты.
Оны 2 қарашадан бері Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел басқарған. 40 жастағы жүргізуші көлікті құжатсыз басқарып, Ұзынкөл ауылынан келе жатқан.
Сараптама нәтижелері бойынша әйел көлікті мас күйінде басқарған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Президентікке үміткерлер сайлаушылармен кездесті
Келесі жаңалық
Абай облысында ұшқышсыз ұшу аппаратын сыналды