Жаңалықтар

Қостанай обысында су басқан ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Қостанай обысында су басқан ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: instagram.com/qostanai_tjd 06.04.2023 15:20 756

Қостанай облысында Қарамырза ауылының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бір күннің ішінде Қарасу ауданындағы Түнтігүр өзенінде судың деңгейі 23 сантиметрге көтеріліп, 6-7 сағаттың ішінде Қарамырза ауылына су кірді.
 
Түнде тұрғын үйлер мен аулаларды су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тұрғындарды су басу аймағынан алдын ала эвакуациялады. Өз еркімен көрші көшелерде тұратын 23 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды, - делінген ТЖМ ақпаратында.
Қазіргі кезде Қарамырза ауылында 35 үйді және 60 үй-жайды су басты. Түнтігүр өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет қойылды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға