Қостанай облысының су қоймаларындағы су деңгейі төмендеп жатыр
Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ
13.04.2024 00:29
626
12 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай облысының су қоймаларындағы су деңгейі орта есеппен 1.5 метрге дейін төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар, Амангелді су қоймалары ерекше назарда. Облыс бойынша су тасқыны кезінде барлығы 9099 адам құтқарылды және көшірілді, оның 1808-і балалар. ТЖ жоюға 2 495 адам және 387 бірлік техника, 147 мотопомпа және 32 жүзу құралы жұмылдырылды. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Тукушев ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Осы тәулікте облыс бойынша 17 707 текше метр еріген су сорылды. Су тасқыны басталғаннан бері 200 мыңнан астам қап төселіп, 7,5 мың тонна инертті материал төселді. Тәулік бойы, республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істейді, еріген су басудың ықтимал тәуекелдеріне үздіксіз мониторинг жүргізілуде, - деді спикер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраудағы Жем өзенінің деңгейі 15 см төмендеді
Келесі жаңалық
Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеріссіз қалады