Қостанай облысының экономикасында оң динамика байқалады

Фото: © ОКҚ
Фото: © ОКҚ
24.11.2023 15:55
3188
Бүгінгі таңда өңірде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
Мәселен, өңдеу өнеркәсібі - 16,1%-ға, құрылыс - 21,5%-ға, инвестициялар - 7,4%-ға, сауда - 3,9%-ға, көлік - 3,6%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 4,3%-ға өсті. Орташа айлық жалақы 21,2%-ға өсіп, 290 545 теңгеге жетті, ал нақты жалақы индексі 104,5%-ды құрап отыр. Жалпы өңірлік өнім 4,5%-ға өскен (2023 жылдың 1-жартыжылдығы), - деді ол.
Бөлісу:
