Жаңалықтар

Қостанай облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Қостанай облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды
Фото: Instagram/qumaraqsaqalov 13.10.2024 13:01 526

Белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 85 жасында қайтыс болды. Ол 90-жылдардың басында Қостанай облыстық әкімшілігінің басшысы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шенеуніктің қайтыс болғаны туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады.  

Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деп жазды әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға