Жаңалықтар

Қостанай облысындағы су басқан ауылдарда жарық беру қалпына келтіріліп жатыр

Қостанай облысындағы су басқан ауылдарда жарық беру қалпына келтіріліп жатыр
Фото: Қостанай облысы әкімдігі 30.03.2024 19:27 574

Қостанай облысында су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен жұмыс комиссиясы тәулік бойы жергілікті жерлерде жағдайды бақылауда және барлық жұмылдырылған құрылымдардың іс-қимылын үйлестіруде.

Еріген судың қатты ағуы нәтижесінде автомобиль жолдарының учаскелері, сондай-ақ Қостанай облысындағы электр беру желілері қирады, - делінген мәліметте.

Амангелді және Жангелді аудандарының 27-ге жуық ауылы электр қуатынсыз қалды. Әкім жарық, байланыссыз қалған аудандарда мәселені тездетіп шешу керектігін алға тартты.

Барлық қалпына келтіру жұмыстарын барынша жедел жүргізу қажет. Біздің міндетіміз - бұл мәселелерді дереу шешу, - деп тапсырды Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 26 ауылда электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға