Қостанай облысындағы өртенген орман орнына егізген қарағайлар тамыр жая алмай жатыр
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
25.06.2023 17:59
600
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өткен жылы өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар қурап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр күзде отқа оранған Әулиекөл ауданында орманның орнына отырғызылған жас қарағайлар осы жазда топырағы кеуіп, өле бастаған. Ағаштар сарғайып, қазір қылқан жапырақтары түсіп жатқанға ұқсайды.
Өткен күзде бұрын өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызу жоспарланғаны хабарланған болады. Орманшылар жас ағаштардың кебуінің себебі неде екенін айта алмай отыр.
Қазір "Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына" хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде жүзеге асырылады”, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға