Қостанай облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды
![Қостанай облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды Қостанай облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды](/storage/storage/element/2025/02/06/mainphoto/141327/1200xauto_040VJbM1CEt1qZgGiTkTn9TQKiRGUWezeWcKQZ0B.jpg)
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
06.02.2025 09:22
102
Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауынан тағы 30 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Амангелді ауданының Амантоғай ауылынан 15 шақырым жерде, облыстық маңызы бар «Әулиекөл - Жолдама» автожолының жабық учаскесінде құтқарушылар күшімен жолдың тазартылған учаскесіне ішінде 30 адам бар 8 жеңіл автомобиль сүйреп шығарылды.
11 жолаушы, оның ішінде 3 бала Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында қылмыстық топ «әлеуметтік» газ ұрлаған
Келесі жаңалық
Қамшыбек Қоңқабаевты жаңа қызмет күтіп тұр