Жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
Қостанай облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Фото: @POLICE_of_KZ 17.12.2022 17:50 1136

Қостанай облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолдың 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Нәтижесінде ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Газель» автокөлігімен соқтығысты, содан кейін екі көлік өртеніп кетті. Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «Газель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «ЖҚЕ бұзу» сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалады.

Қостанай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысын және, әсіресе, жылдамдық тәртібін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Абай болыңыз, өміріңіз өз қолыңызда!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға