Жаңалықтар

Қостанай облысында ТЖМ құтқарушылары екі көлікті батпақтан шығарды

Қостанай облысында ТЖМ құтқарушылары екі көлікті батпақтан шығарды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 28.04.2025 02:32 331

Қостанай облысы ТЖТ құтқарушылары бірнеше адамды аман құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Лисаковск қаласынан 13 шақырым жерде дала жолында екі жеңіл көлік балшық массасына кептеліп қалған. Көліктерде сегіз адам, оның ішінде төрт бала болғаны анықталды.

Жүргізушілер балшық тұзағынан өздігінен шығуға тырысты, бірақ бірнеше әрекеттен кейін олар 112 желісіне хабарласып көмек сұрады.✅Жедел келген құтқарушылар тіркеп сүйреу кабелін пайдаланып, кептеліп қалған машиналарды автожолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға