Жаңалықтар

Қостанай облысында тұздалған қиярдан ер адам ажал құшты

Қостанай облысында тұздалған қиярдан ер адам ажал құшты
Фото: pixabay.com 25.02.2025 14:12 175

Қостанай облысында Түркістан облысынан келген үш тұрғын үй жағдайында дайындалған тұздалған қиярды тұтынғаннан кейін ботулизм диагнозымен ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үш ер адам үйден әкелген тұздалған қиярды жегеннен кейін Рудный қалалық ауруханасына жатқызылды. Лабораториялық зерттеулер олардың ағзасында жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті у – ботулотоксин бар екенін растады.

Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл оқиға соңғы 15 жылда өңірде алғаш рет тіркеліп отыр.

Ботулизм дұрыс дайындалмаған және сақталмаған консервіленген өнімдерді қолданған кезде дамиды. Көбінесе бұл – саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдары, шпинат, сондай-ақ тұздалған және кептірілген балық пен ет өнімдері, – деді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зауре Елшібаева.

Мамандардың айтуынша, уланудың көзі – Түркістан облысынан әкелінген тұздалған қияр банкісі болып табылады. Сондықтан Қостанай облысы тұрғындары арасында ботулизмнің таралу қаупі жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға