Қостанай облысында төтенше жағдай қызметкерлері көліктегі өртті сөндірді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
29.05.2024 08:39
520
Қостанай облысында өрт сөндірушілер көліктегі тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы Әулиекөл ауылында жеңіл автокөліктің мотор бөлшегі мен салоны өртенді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ азаматтарды өрт жағдайынан сақ болуға шақырып отыр. Егер жолда көлігіңізден оқыс жағдай байқалса дереу тоқтап, сыртқа шығып кету өміріңіз үшін аса маңызды.
Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласуыңыз қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери бағыттағы оқытушыларды дайындау мәселелері талқыланды
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты