Жаңалықтар

Қостанай облысында тоғыз адам қар құрсауынан құтқарылды

Қостанай облысында тоғыз адам қар құрсауынан құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр 17.02.2025 09:20 297

Құтқарушылар қар құрсауынан тоғыз адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Қарасу ауданы Новоселовка ауылынан 17 шақырым жерде құтқарушылар қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау операциясын жүргізді.

Жергілікті маңызы бар автожолда жолаушылары бар 5 жеңіл автокөлік тұрып қалды. Құтқарушылар жедел оқиға орнына келіп, 9 адамды эвакуациялап, тұрғылықты жеріне жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ жолға шығар алдында ауа райы жағдайларын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға