Жаңалықтар

Қостанай облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақтануда

Қостанай облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақтануда
Фото: ortcom.kz 17.04.2024 01:15 496

Қостанай облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы өңірде су тасқыны кезінде 10 мыңға жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды. Соңғы тәулікте аймақта 106 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 181 адам бар. 

Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған.

Бүгінгі таңда аймақ бойынша 51 тұрғын үй мен 66 аула аумағы су астында қалып отыр. Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар су қоймаларына ерекше назар аударылуда.

Облыстық жедел штаб тәулік бойы режимде жұмыс істейді, үздіксіз мониторинг жүргізілуде. Жанкелді ауданының Тауш ауылында автожолдың шайылған бөлігінде Қостанай облысы ТЖД тобы жұмыс істейді. Құтқарушылар өткелді бақылайды және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Тукүшев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға