Жаңалықтар

Қостанай облысында қылмыстық топ ойдан шығарылған ет сатқан

Қостанай облысында қылмыстық топ ойдан шығарылған ет сатқан
Фото: Видеодан алынған кадр 27.07.2023 10:31 1153

ҚМА мәліметінше, ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарды, оның құрамына қарамағындағылар, шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірген, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында қылмыстық топ 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ет сату бойынша ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Ұрлық сомасы 1,6 млрд теңгеден асады.

Оқи отырыңыз:

Қылмыстық схема шаруа қожалықтарының қайта өңдеу зауытына жоқ өнімдерді, сондай-ақ қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген субсидиялар алған артық салмағы бар өнімдерді жеткізуден тұрды.

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттеріне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалықтары анықталды, - делінген мәліметте.

Бұл әске қатысты алаяқтық, ұйымдасқан топ құру және басқару фактілері бойынша он жеті қылмыстық іс тіркелді.

ҚМА топ мүшелерінің банк ұяшықтарында және есепшоттарында шетел және ұлттық валютадағы жалпы сомасы 3 млн астам АҚШ доллары бар екені анықталғанын айтады.

Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 млн теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды, - делінген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға