Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүргізуші құтқарылды

Фото: El.kz
Фото: El.kz
16.02.2025 01:31
633
Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері Toyota Hilux көлігімен көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Амангелді ауданында Амангелді ауылынан 13 шақырым жерде жүргізуші көлігімен қарға батып қалып, құтқарушыларға көмек сұрап жүгінген.
ТЖМ құтқарушылары оған Toyota Hilux көлігімен тез жетіп, көлікті қардан жолдың тазартылған жеріне сүйреп шығарды. Ер адам медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Бұл ретте ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды қаперге салады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысында сумен 100% қамтамасыз ету қай деңгейде
Келесі жаңалық
Жетісуда тұңғыш «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ашылды