Қостанай облысында қар құрсауында қалған адам құтқарылды

Фото: ©El.kz/Мария Рузматова
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова
21.02.2025 09:40
300
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған тұрғынға көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Қостанай облысы Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде қар құрсауында қалған жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел келіп, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізуші мен жолаушыға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген мәліметте.
ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.
Бөлісу:
