Жаңалықтар

Қостанай облысында өрт салдарынан егіз бала қаза тапты

Қостанай облысында өрт салдарынан егіз бала қаза тапты
Фото: El.kz 28.04.2023 17:15 1550

Қостанай облысында жеке үйден шыққан өрт салдарынан екі кішкентай егіз бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 сәуірде Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында болған.

Өртенген үйден 2020 жылы туған егіз баланың денесі табылды. Өрт ас үйден шығып, 5 шаршы метр аумаққа тараған. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз қалған. Оқиға туралы жұмыстан қайтқан отағасы  хабарлады, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Өрт электр су жылытқышының электр желісіне қосылып тұрған кезінде, токтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін деген болжам бар.

«Балалар өлімінің алдын ала себебі: көміртегі тотығынан улану», – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға