Жаңалықтар

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары басталды

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары басталды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 17.03.2025 23:13 831

Қостанай облысында мұз жару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстары қарқын алды. Алдын алу шаралары шеңберінде кептелістерді болдырмауға және тасқын суларды кедергісіз өткізуге бағытталған бақыланатын жарылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жарылыстар Қарабалық ауданындағы Тоғызақ өзенінде, Алтынсарин ауданындағы Талы көлінде, Ұзынкөл ауданындағы Қараөзенде және Меңдіқара ауданындағы Обаған өзенінде жүргізілді. Жалпы 17 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды. Су тасқыны қаупі бар аймақтардағы жағдайды тұрақтандыру үшін мұз жару жұмыстары жалғасады, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға