Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр
08.09.2024 05:28
1483
Қостанай облысында мектептің қабырғасы опырылып түсті. Жергілікті әкімдік пен мердігер ұйым өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл мектепте 300-ден астам оқушы білім алады. Абырой болғанда, мектептің 3-қабаттағы қабырғасының бір бөлігі сенбіде қирап қалған. Бұл күні оқушылар демалыста болды.
Қостанай облыстық әкімдігі қоғамдық басқару басқармасының мәліметінше, мектепте балалар мен мұғалімдер болған жоқ, зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Шахмат олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайды
Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті