Жаңалықтар

Қостанай облысында көпір екіге бөлінді

Қостанай облысында көпір екіге бөлінді
Фото: ©pixabay.com 15.04.2024 15:31 590

Қостанай облысының Дәмді ауылы маңындағы көпірде жарықшақ пайда болғаннан, құлауға жақын тұр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта көпірде көлік қозғалысы тоқтатылды. Полиция қызметкерлері жолаушыларға жол жүруді алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұрады.

Жезқазған-Петропавл республикалық тасжолы арқылы айналма жол қарастырылған. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, ресми ақпаратқа сүйеніңіздер, — делінген полиция хабарламасында.

Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев көпірдің қауіпті деп танылғанын растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға