Қостанай облысында екі қабатты әкімдік ғимараты өртенді
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
25.01.2025 14:18
456
Қарасу ауданына қарасты Айдарлы ауылында орналасқан әкімдік пен жергілікті ЖШС кеңсесі орналасқан екі қабатты ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауылдың аудан орталығынан алыс орналасқан. Қатты жел салдарынан ағаштан салынған ғимараттағы жалын тез таралған.
Өрт 100 шаршы метр аумақта оқшауланып, толығымен сөндірілді. Ғиимараттың жалпы ауданы - 250 шаршы метр. Жалын ғимаратқа жақын нысандарға таралмады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп мәлімдеді Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында есірткі зертханаларының желісі жойылды