Қостанай облысында егістіктерді шегірткелерге қарсы өңдеу жалғасып жатыр

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
03.07.2023 04:23
965
2 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында италиялық прусқа қарсы 257,2 мың га немесе жоспарланған алаңның 66,4% өңделді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратынша, химиялық өңдеулерді жүргізуге 31 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 9 жерүсті желдеткіш бүріккіш, 13 аэрозольді газ генераторы, 6 аса жеңіл авиация кемесі және 3 ұшақ бар.
Айта кетейік, шегіртке көбінесе Жангелдин, Амангелді, Алтынсарин және Денисов аудандарының аумағында таралған. Науырзым ауданында зиянкестердің таралуы анықталған жоқ. Ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарының зақымдануы байқалмады.
Бөлісу:
